Түркияда ОЖЖ өткізіп жатқан «Астана» ФК үшінші жолдастық матчын Венгрия чемпионатындағы үздік клубтардың бірі «Диошдьермен» өткізді.

Бірінші голды Сергей Остапенко соқты. 62-ші минутта тыңнан қосылған Дамир Кояшевич есепті еселеді. Тура екі минуттан кейін венгриялықтар Марко Футакстың арқасында бір голмен жауап қайтарды. Таразы басын теңестіруге ұмтылған «Диошдьер» ойыншылары 90-шы минутта үшінші гол жіберіп алды.

«Астана» құрамында шыққан футболышалыр: Логиновский, Пикалкин, Аничич, Дмитренко, Шомко, Жуков, Бейсебеков, Шахметов, Кетевоама, Нусербаев, Остапенко. Екінші таймда: Эрич, Сисеро, Мужиков, Ахметов, Кояшевич, Горячий, Смагулов.