«Ювентустің» басшылығы мадридтік «Реал» мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модричті сатып алмақ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Туриндік клуб осы трансфер бойынша мадридтіктермен келіссөзді бастап кеткен. Модрич пен «Реал» арасындағы еңбек келісімі 2020 жылы жазда аяқталады. Былтыр жазда 33 жастағы хорватты «Интер» сатып алмақ болған, бірақ «Реал» жібермей қойған еді.

Бұған дейін «Ювентус» «Реалдан» Исконы сатып алады деген ақпарат шыққан болатын.

Естеріңізге салсақ, былтыр жазда туриндік клуб «Реалдан» Криштиану Роналдуды 105 млн еуроға сатып алған еді.