«Астананың» испаниялық шабандозы Луис Леон Санчес аустралиялық «Даун Андер Классик» біркүндігінде үздік ондықтан орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аделаида жолымен өткен спринттік жарыста Калеб Юэн бірінші орын алды, ол әлемнің үш дүркін чемпионы Петер Саганды басып озды.

Ал «Астана» сапынан Санчес жоғары орынды еншіледі, ол мәре сызығын сегізінші болып кесті.

Даун Андер Классик. Аустралия. 1. Калеб Юэн (Аустралия, Lotto Soudal) – 1:03:59 2. Петер Саган (Словакия, Bora-Hansgrohe) 3. Александр Эдмондсон (Аустралия, Mitchelton–Scott) …8 Луис Леон Санчес (Испания, «Астана») +00:09