Бүкіл әлем күткен Сочидегі XXII қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. 

Олимпиада ойындары үшін арнайы салынған «Фишт» стадионында ресми ашылу салтанаты аяқталды. Елу екі спортшымыздан жасақталған ұлттық құрамамыздың көк туын Ердос Ахмадиев көтіріп шықты. 

Биылғы қысқы Олимпиада ойындарына сексен сегіз мемлекеттен спортшылар қатысады. Бұл дегеніміз жаңа рекорд. Жалпы, жарыс барысында тоқсан сегіз медаль сарапқа салынбақ, Олимпиада ойындары жиырма үшінші ақпан күні аяқталады. 

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Сочидегі Олимпиада ойындары алдында 58 сегіз лицензияға ие болған. Алексей Полтаранин бастаған шаңғышылар сайысқа бірінші болып шықпақ, содан соң коньки тебуден Денис Кузин, Дмитрий Бабенко, Роман Креч, Александр Жигин, Федор Мезенцев және Екатерина Айдова бағын сынап көреді. Мәнерлеп сырғанаудағы басты үмітіміз, Денис Тен және Абзал Рақымғалиев алтын медальға таласып көрмек. Сноубордтағы басты үмітіміз - Валерия Цой.