Әлемдегі ең кәрі футболшы Кадзуеши Миура «Йокогама» командасымен келісімшартын ұзартты.

Жапонияның екінші чемпионатында өнер көрсететін «Йокогама» командасының ойыншысы 26 ақпан күні 52 жасқа келеді. Осылайша, ол қазіргі таңда әлемнің ең кәрі футболшысы деген атқа ие.

Жапон футболшысы мансабында өз отанында, сондай-ақ, Бразилия, Хорватия, Италия және Австралияда доп тепкен.