Теннистен әйелдер ұлттық құрамасы ешкім күтпеген жерден Таиланд командасынан ұтылып қалды.

Жұбтар сайысында Галина Воскобоева мен Ярослава Шведова жұбы қарсыластары Тамарин Танасугарн мен Луксика Кумхумнан айласын асыра алмады. Жалпы есеп – 6:4, 7:6 (7:3).

Осылайша біздің қыздар 2:1 есебімен ұтылып қалды. Енді Таиланд құрамасы ақтық кезеңге жолдама үшін Өзбекстанмен күш сынасады.