Бүгін Канаданың Калгари қаласында фристайлдан әлем кубогының үшінші кезеңі басталды. Бұл жарыста қазақстандық спортшылар да бақ сынайды.

Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков могулдан іріктеу кезеңін сәтті аяқтады. Рейхерд 77.09 ұпаймен 5-ші орын алса, Колмаков 73.75 ұпаймен іріктеуде 15-ші орынға тұрақтады.

Өкінішке қарай, Сергей Романов пен Александр Геберт үшін жарыс аяқталды. Сондай-ақ, бүгін әйелдер арасында Юлия Галышева мен Аяулым Әмренов сынға түседі.

Еске сала кетейік, осыған дейінгі әлем кубогы кезеңдерінде Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд үздіктер қатарына іліккен болатын.