Мадридтік «Реал» клубының жартылай қорғаушысы Иско «Ювентустің» басты назарында, деп жазады Prosports.kz сайты.

Жақында ғана «Арсеналдың» ойыншысы Арон Ремзиді сапына қосқан туриндік команда ендігі бар назарын 26 жастағы испан футболшысына қаратпақшы.

Айта кетсек, Исконың «Реалмен» келісімшарты 2022 жылға дейін жарамды. Ал оны уақытынан бұрын сатып алғысы келген клуб 700 миллион евросын беруге дайын болуы қажет.