Көкшетаулық «Оқжетпес» футбол клубы қақпашы Руслан Әбжановпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды prosports.kz.

28 жастағы кәсіпқой мансабын 2007 жылы «Ақсу» (Степногорск) құрамында бастаған. Өткен маусымда «Оқжетпес» сапында 16 ойынға қатысты. Әрі Бірінші лиганың жеңімпазы атанды.