«Манчестер Юнайтедтің» капитаны отыз екі жастағы сербиялық қорғаушы Неманья Видич маусым аяқталған соң клубтан кететінін мәлім етті.

«Келісімшарттың соңғы жылы аяқталайын деп қалды. Мұнда өткізген сегіз жылды ешқашан ұмытпаймын. Он бес кубокты ұтамын деп ойлаған емеспін, Мәскеудегі Чемпиондар лигасының финалдық кездесуі өмір бойы естен кетпес. Дегенмен, маусым аяқталған соң командадан кететін болдым. Англияда емес, басқа бір чемпионатта ойнағым келеді. МЮ-дің ойыншысы болу мен үшін үлкен абырой. Қазіргі таңда бірнеше клубтан ұсыныс бар, маусым біткен соң көре жатармыз.», — деді Видич МЮ-дің ресми сайтына.