Ирландиялық боксшы Энди Лидің промоутері Том Леффлермен Головкинмен жекпе-жек жайлы келіссөз жүргізуде, деп хабарлайды Allboxing.ru.Жиырма тоғыз жастағы ирландиялық боксшы Энди Лидің промоутері Лу Дибелла WBA (Regular) тұжырымы бойынша әлем чемпионы жерлесіміз Геннадий Головкинмен жекпе-жек туралы оның промоутеріне ұсыныс жіберді. «Келіссөздер жүруде, жекпе-жекке бір қадам жақындадық. Энди Генамен жұдырықтасқысы келеді. Менің қоластымдағы боксшы өзіне өте сенімді», - деді промоутер Лу Дибелла.