Қазақстандық боксшы Станислав Калицкий кәсіпқой рингтегі келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

21 жастағы боксшы (6-0, 3 КО) филиппиндік Венсон Делоперемен (6-3-4, 2 КО) жұдырықтасады. Кездесу 22 ақпанда Екатеринборда өтеді.

Айта кетейік, Калицкий өзінің соңғы кездесуін былтыр өткізген болатын. Сол кезде де филиппиндік боксшыны жеңген еді.