Арман Құдайбергенов Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысында танымал спортшының анасынан кешірім сұрады. Сот алдында жауап берген күдікті бұл қайғылы жағдайдың орын алғаны үшін қатты өкінетінін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

"Мен Денис Теннің ата-анасынан, барша қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Менің ойымда адам өлтіру ешқашан болмаған. Ұрлық ісімді мойындаймын. Бірақ мен адам өлтіремін деп бармағанмын. Ондай мақсат мүлде болмаған" , - дейді Құдайбергенов.

Еске сала кетейік, Алматыда марқұм Денис Теннің ісіне қатысты сот отырысы жалғасуда.