Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегіне дайындықты бастап кетті.

Дайындық барысында Жәнібек бапкері Джеймс «Бадди» Макгиртпен жаттығу жасап, кейіннен видеосымен әлеуметтік желіде бөлісті. Естеріңізге сала кетейін, Әлімханұлы Фрискода (Техас штаты, АҚШ) өтетін жекпе-жекте америкалық Стивен Мартинеспен кездесу өткізеді.