Түркияда ООЖ-ын өткізіп жатқан ел чемпионы «Ақтөбе» жолдастық кездесуде ресейлік клубтан жеңіліс тапты.

«Волга» футбол клубына қарсы өткен кездесу 0:1 есебімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голдың авторы – Шелдон.

Жеңіліске қарамастан «Ақтөбенің» бапкерлері мен команда басшылығы ойынға риза болған көрінеді. Жерлестеріміз кезекті матчын минскілік «Динамомен» 9-шы ақпанда өткізеді.