Бокстан ұлттық құрамасының көшбасшыларының бірі Әбілхан Аманқұл жарақат алып қалды, деп жазады prosports.kz.кері

Бұл туралы ұлттық құраманың су жаңа бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев мәлімдеді.

- Жаттығу жиынына жетекші боксшылардың бәрі қатыса ма?- Әбілхан Аманқұл жарақат алып қалды. Оған қазір Астанада қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ал қалған боксшыларымыздың бәрі бар. Бірінші номерден бастап төртінші номерлі боксшыларға дейін жаттығуға дайын.