«Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында өз айдынында «Куньлунь РС» командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Соңғы турларда тамаша өнер көрсетіп жүрген елордалықтардың бүгін жолы болмады. Матч бойы айқын басымдылыққа ие бола тұра 1:3 есебімен қонақтарға есе жіберді.