Федерация кубогы аясында теннистен әйелдер ұлттық құрамасы Индонезиядан басым болып, келесі кезеңге жолдама алды.
 
Алдымен Юлия Путинцева екі сет барысында Вита Таерды ұтты – 6:2, 6:1. Ярослава Шведова Лавиния Танантудан 6:3, 6:1 есебімен айласын асырды. Ал жұптық кездесуде Путинцева мен Воскобоева қарсыластары Тами Гренде мен Вита Таерды 6:1, 6:1 есебімен жеңді. Қорытынды есеп - 3:0. 
 
Осылайша, біздің қыздар 7-ші ақпан күні А тобындағы бірінші орын үшін Тайланд құрамасымен таласады.