«Сибиряк» футзал клубы қарағандылық «Тұлпардың» ойыншысы Сидней Лимамен ресми түрде келісімшартқа отырды. 
 
Сидней 1984 жылы 24 қыркүйек күні Бразилияның Форталеза қаласына туды. Он алты жасында ол жергілікті «Сумови» клубында өнер көрсете бастаған. 2011 жылы алматылық «Қайратқа» көшті, артынша екі жылдан кейін «Тұлпарға» ауысты. «Кеншілер» сапында ел біріншілігінің күміс жүлдегері атанды, сондай-ақ УЕФА кубогының элиталық кезеңінде өнер көрсетті.