«Қайрат» футбол клубының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков туған бауырының футболшы екенін және оған белгиялық клубтың қызығып жүргенін айтты.

"Менің 9 жастағы туған бауырым футбол ойнап жүр. Қазірдің өзінде ол өзінен 2-3 жас үлкен балалармен доп теуіп жүр. Қарымы мықты, «Генк» клубының скауттары оны өз назарларында ұстап жүр"-, деді Г.Жуков Қазақстан фристайл федерациясының баспасөз қызметіне берген сұқбатында.