Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева жаңа жылдағы ең алғашқы жарысы – Төрт құрлық турнирі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңа жылда Элизабет қатысатын ең бірінші жарыс – АҚШ-та өтетін төрт құрлық турнирі. Содан соң, наурыз айының басында студенттердің қысқы Универсиадасы алауын жағады. Сол сында ел намысын қорғау Элизабетке тапсырылды.

Ал жылды қорытындылайтын дода – Жапонияда өтетін әлем чемпионаты. Міне, маусым соңына дейін осы үш турнирде жақсы өнер көрсету міндеті тұр алда. Қазір Элизабет Этери Тутберидзе тобында жаттығуда. Дайындық ойдағыдай өтіп жатыр, - дейді Байтақ Тұрсынбаев.

Еске сала кетейік, "Төрт құрлық чемпионаты" 5-10 ақпан аралығында АҚШ-тың Анахайм қаласында өтеді. Әйелдер арасындағы турнирдің былтырғы жеңімпазы - жапониялық Каори Сакомото.