Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Данангадағы (Вьетнам) турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші айналымда қазақстандық теннисші Үнді елінен келген спортшы Саша Кумар Мукундты екі сетте 6:4, 6:2 есебімен оңай жеңіп кетті.

25 жастағы жерлесіміздің келесі қарсыласы - испаниялық теннисші Херард Гранольерс.