Түркияда ОЖЖ өткізіп жатқан «Қайрат» кеше румыниялық «Университатя» клубымен кездесу өткізді.

Негізінен, алматылықтар сербиялық «Раднички» командасымен ойнау керек болатын. Алайда соңғы сәтте олар матчтан бас тартты.

Жолдастық кездесу өткізуге қуана келіскен «Университатя» командасы тартысқа толы мачта «Қайраттан» ұтылып қалды – 2:1.

Жолдастық кездесу.

«Қайрат» - «Университатя» - 2:1 (1:0)