Босниялық «Зриньскидің» футболшысы Марин Аничич «Астана» сапына ауысты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Жиырма төрт жастағы Марин - орталық жартылай қорғаушы. Ол былтырғы маусымда «Зриньски» командасының жетекші ойыншылардың бірі болған. Сондай-ақ, Босния жастар құрамасында өнер көрсеткен.