Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов кезекті қарсыласы белгілі болды, деп жазады Prosports.kz сайты.

Жастар арасында әлем чемпионы Садриддин Ахмедов 26 қаңтар күні Канаданың Монреал қаласында 20 жасар мексикалық Абрахам Хуареспен жұдырықтасады. Ол 12 жекпе-жегінің біреуінде ғана жеңіліс тапқан. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

Қос боксшы жастар арасындағы WBC чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов 14 желтоқсан күні өткен соңғы кездесуінде мексикалық қарсыласы Элиуд Мелендес Рочуды 82 секундта нокаутқа жіберген болатын.