«Тобыл» футбол клубының бас бапкерінің көмекшісі болып ресейлік маман Николай Латыш тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Николай Иванович Латыш 1955 жылы 2 тамызда Ресейдің Александрия қаласында дүниеге келген. Футболшы мансабында украиналық «Шахтер», ресейлік «Спартак» және «Динамо» командаларында доп тепкен.

Жаттықтырушы мансабын өз елінде «Звезда» командасында бастаған. Артынша ресейлік «Динамо», «Алания», украиналық «Динамо» және «Ақтөбеде» жұмыс істеген.

Айта кетейік, кеше «Тобыл» бас бапкері Владимир Газзаевты таныстырған болатын.