Ресейлік комментатор Кирилл Дементьев «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында «Ақтөбенің» жаңа ойыншылары туралы пікірін білдірді.

«Пиззелли – жақсы ойыншы, «Ақтөбеге» көмегі тиеді деген ойдамын. «Краснодарда» оның жолы болмады, дегенмен «Ақтөбеде» бағы жануы мүмкін. Брессан туралы да жақсы пікірдемін, ал Некоға келсек, бұл жігіттен көп нәрсе күтпеймін, пайдасы шамалы футболшы».

Есіңізде болса, «Ақтөбе» ФК жуырда үш бірдей легионермен келісімшарт жасасты. Брессан, Пиззелли мен Неко алдағы маусымда батысқазақстандық клубтың намысын қорғайды.