Қостанайлық «Тобыл» клубы бас бапкері Владимир Газзаев нақты тапсырмалармен жұмыс істейтінін айтты.

- Бәріңізді 2018 жылдың сәтті аяқталуымен, жаңа жылмен құттықтаймын. Алдағы уақытта жекелей де, командамен де арнайы жоспарлар жасамақпыз. "Тобылда" жақсы ойыншылар жиылған. Құрамды күшейтуге де мүмкіндік бар. Облыс және клуб басшылығы жүктеген міндетті орындауға болады. Ертең ойыншылармен жекелей кездесіп, жұмыс барысын талқылаймыз. Жиын соңында команда жаттығу жұмыстарына кірісті.

Айта кетейік, бүгін «Тобыл клубы жаңа бапкерлер құрамын ресми түрде таныстырды. Оқу-жаттығу жиынының бірінші күні клуб директоры Николай Панин футболшыларға келесідей қызметкерлерді: бас бапкер Владимир Газзаевты, бас бапкердің көмекшісі Николай Латышты, спорт директоры Нұрбол Жұмасқалиевті, техникалық директор Владимир Нидергаусты таныстырды.