Португалия құрамасының орталық қорғаушысы Пепе "Порту" клубымен маусым соңына дейін келісім шартқа қол қоюы мүмкін.

Yahoo Sport басылымының мәліметінше, қорғаушы "Бешикташ" клубымен келісім шартты бұзғаннан кейін клубсыз қалған еді. Енді португалиялық командамен бір жылдық келісімшартқа отыруы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін 35 жастағы тәжірибелі футболшыға "Монако" қызығушылық танытқан болатын.