Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Сидней қаласында өткен іріктеу жарыстың финалдық кезеңінде өз отандасын ұтты.

Зарина Дияс чехиялық Барбора Стрыцованы 7:5, 1:6, 6:4 есебімен ұтқан. Одан кейін Юлия Путинцева жергілікті жас теннисші Дестини Айаваны (6:0, 6:2) жеңді. Спортшылардың ойыны ауа райы кесірінен үзілген, бірақ кейін қайта жалғасты. Матч қорытындысы бойынша, Юлия Путинцева қарсыласын 6:2, 6:2 есебімен ұтты.