Боливия президенті Эво Моралес әйгілі Диего Марадонаға тезірек сауығып кетуді тіледі.

«Аргентинада дәрігерлік тексеруден өткен бауырымыз Диего Марадонаны қош көрдік. Оның бойына қуат жинап, «Дорадос де Синалоа» командасын жаттықтыруды жалғастыратынына сенімдіміз. Боливиядағы бауырлардан сәлем», - деп жазды Моралес твиттерде.

Еске сала кетсек, осыған дейін Марадона асқазаннан қан кетіп, ауруханаға түскен болатын.