WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Питер «Чоколад» Куиллин (30-0-22 КО)жерлесіміз Геннадий Головкинмен (29-0-26 КО) шаршы алаңға шығуға дайын екенін мәлімдеді.

«Жанкүйерлер Головкинмен жекпе-жекке шығуымды күтіп жүр. Әрине, бұл біріншіден бизнес. Дегенменде, әртүрлі кедергілерге қарамастан келісімге келеміз деген үміттемін»,- деді Куиллин «Твиттердегі» ресми парақшасында.

Естереңізге сала кетсек, Геннадий Головкин НВО телеарнасымен жұмыс істесе, Куиллин «Showtime» арнасында бокстасады.