«Астана» футбол клубы Сербия суперлигасының командасы «Рада»-дан ұтылды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Кездесу Түркиядағы ОЖЖ-ны барысында өтті. «Астана» сапында Танат Нөсербаев қызыл қағаз алса, артынша Сергей Остапенко пенальтиден есепті теңестіре алмады. Осылайша, сербиялықтар бұл ойында 0:1 есебімен жеңіске жетті.

«Астана»: Эрич, Ахметов, Дмитренко, Аничич, Шомко, Бейсебеков, Каньяс, Шахметов, Кояшевич, Кетевоама, Сисеро.

Тыңнан алаңға қосылған ойыншылар: Остапенко, Нөсербаев, Горячий, Смағұлов.