«Астана» мен Әзірбайжан құрамасының жартылай қорғаушысы Ричард Алмейда осы қысқы трансферде агдамдік «Карабахқа» ауыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Azerisport.com порталының ақпаратына сүйенсек, «Астана» ойыншысы Әзірбайжанға оралғысы келмейді. Себебі ойыншының Қазақстандағы жалақысы өте жоғары: 29 жастағы футболшы «Астанада» «Карабахтан» екі есе көп жалақы алады.

«Карабах» ойыншыны өз қатарына қосқысы келгенімен, оған «Астанадағыдай» жалақы беруге дайын емес.