Қазақстан жастар құрамасы қарсылас қақпасына жасалған соққыларды голға айналдыру көрсеткіші бойынша үздіктер қатарында келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл номинацияда Қазақстан құрамасы 13,68%-бен (95 соққының 13-і голға айналды) екінші орын алды. Біздің команданың көрсеткіші тек канадалықтардан ғана төмен – 14,72%. Ал үшінші орында Ресей құрамасы тұр – 13,11%.

Біздің құраманың алдына тек Ресей командасына ғана шығып кетуі ықтимал. Олар үшінші орын үшін матчта швейцариялықтармен ойнайды.