Бірыңғай ВТБ лигасы желтоқсан айының үздік ойыншысын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл атақ «Астана» командасының қорғаушысы Энтони Клеммонске бұйырды.

24 жастағы америкалық қорғаушы өткен айда әр ойында орта есеппен 22,0 ұпай (бұның 45 пайызы үш ұпайлық) еншіледі. Әрі «Астана» командасының желтоқсан айында өткен үш кездесуде де жеңіске жетуіне үлкен үлес қосты.