Қазақстандық Мадияр Әшкеев пен Мейірім Нұрсұлтан 11 қаңтар күні АҚШ-тың Санта-Инез қаласында өтетін бокс кешіне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы болған ганалық Эрнест Амузу жекпе-жекке шықпайды. Оның орнына америкалық Трэвис Скотт жұдырықтаспақ.

Ал Мадияр Әшкеев пуэрторикалық боксшы Луис Эрнандеспен қолғап түйістіреді.