Жуырда ғана донецкілік «Металлургтан» «Астанаға» ауысқан Рохер Каньястың денсаулығы туралы көп әңгіме айтылды. Елордалық клубтың бас дәрігері Тадеуш Переход «ПРОСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында Каньястың жағдайы туралы өз пікірін білдірді:

- Рохер Каньяс екі бірдей медециналық оталықта қаралды. Жуырда футболшы Анталия қаласындағы «Аспендос» емханасында болған. Клиниканың бас дәрігері Мурат Тунч Рохерді бақылаудан өткізіп спортпен айналысуға рұқсат берді.