MMA Fighting порталы 2018 жылдың ең үздік нокаутын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

MMA Fighting мексикалық Яир Родригес пен кореялық Чан Сон Джонның жекпе-жегіндегі орын алған нокаутты үздік деп тапты.

Кездесу 10 қарашада UFC Fight Night 139 турнирі аясында өткен болатын.