Қазақстандық боксшы Назым Ищанова AIBA аясындағы сайыстардан екі жылға шеттетілді.

Сайыстан тыс уақытта алынған допинг-сынамада Ищанованың қанынан фуросемид ізі табылды. Бұл препарат допинг болып саналмайды, бірақ салмақ қууға және тыйым салынған дәрілердің ізін көрсетпеуге көмектеседі.

Осылайша, спортшы 2018 жылдың 26 қарашасы мен 2020 жылдың 25 қарашасы арасында сайыстарға қатыса алмайды.

Айта кетейік, Ищанова – бокстан еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, жастар арасындағы әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері.