Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова Калифорниядағы Big Bear лагерінде өткен жаттығуынан бейнеролик жариялады, деп хабарлайды prosports.kz.

«Әйелдер арасындағы GGG» лақап атымен белгілі Аида әлеуметтік желідегі жеке парақшасында видео жариялап, алдағы жекпе-жекке тыңғылықты дайындалып жатқанын жазды.

Айта кетейік, Сатыбалдинованың келесі кездесуі 26 қаңтарда Тихуанада (Мексика) өтеді, қарсыласы қазірше белгісіз.