29 желтоқсанда «Батыр» спорткешенінде «бес минуттан құралған бес раунд» форматы бойынша NFC-17 халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Кештің ең басты жекпе-жегінде 57 кг салмақта бейнеулік Руслан Сариев пен ақтөбелік Альберт Ахмаев кездесті.

Гран-при NFC WEST турнирі аясында 77 кг салмақта жергілікті Руслан Пак («Naiza Fighter» клубы) мен Шыңғыс Убайдуллин (Ақтөбе) сынға түсті.

Руслан Пак екінші раунда тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті.

Гран-при NFC WEST турнирінің 77 кг салмақтағы екінші жекпе-жегі Саят Рамбай мен Темірлан Ихсанғалиев арасында өтті. Төрешілер шешімімен Ихсанғалиев жеңді.

Сонымен қатар, октогонда Грузия, Әзірбайжаннан келген жауынгерлер де өнер көрсетті. Қанат Құлмағамбетов («Naiza Fighter») пен грузиялық Бека Эрадзе (66 кг) айқасып, төрешілер шешімімен қазақстандық спортшы жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетсек, Қанат Құлмағамбетов жақында Отан алдындағы борышын өтеп келген болатын.

Арман Тұрғанбаев (Ақтөбе) және Сәкен Альшанов (Әзірбайжан) шайқасы да жерлесіміздің пайдасына шешілді.

Азамат Марқабаев (Ақтөбе) пен Бека Имерлишвили (Грузия) - 62 кг.

Грузиядан келген спортшы ақтөбелік файтерден тұншықтыру әдісімен жеңілді.

Соңғы жекпе-жекте Серікбай Қожабаев (Маңғыстау) және Заур Мустафазейд (Әзібайжан) кездесті - 71 кг. Жерлесіміз бірінші раундта техникалық нокаутпен қарсыласын жер қаптырды.