Өткен маусымда «Ақжайық» сапында өнер көрсеткен украиналық хавбек Игорь Худобяк мансабын кипрлік екінші дивизионды клубында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

33 жастағы украиналық футболшы «Этникос» (Ахна) клубы қатарына қосылды.

«Этникос» 13 матчтан соң турнирлік кестеде екінші орында жайғасқан.