RIZIN 14 турнирінің басты жекпе-жегінде Флойд Мейвезер мен Теншин Насукава жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нәтижесінде американдық боксшы Флойд Мейвезер жапондық кикбоксер Тенсин Насукаваны нокаутпен жеңді.

Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Мейвезер оның барысында қарсыласты 3 рет нокдаун қылған.

Жекпе-жек бокс ережесімен өтті. Осылайша, үш минуттан аз уақыттың ішінде Флойд Мейвезер 9 миллион доллар табыс тапты. Бұл жекпе-жек тек көрсетілім кездесу ретінде есепке алынады.Айта кетсек, 20 жастағы Теншин Нацукава кәсіпқой кикбокста 27 кездесу өткізіп, оның 26-сын нокаутпен жеңген және аралас жекпе-жек ережесі бойынша төрт кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен. 41 жастағы Мейвезердің (50-0, 27 КО) 2017 жылы тамыз айында ММА жұлдызы Конор МакГрегорды техникалық нокаутпен жеңген болатын.