Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Плейфордта (Аустралия) «Челленджер» сериясындағы турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Александр бір сағат, 39 минутқа созылған матчта қытайлық Чжан Цзені екі сетте жеңді – 7:5, 6:4. Қазақстандық теннисші 17 брейк-поинттың төртеуі орындап, екі эйс жасады.

Ертең Недовесов жапониялық Татсума Итомен күш сынасады.