Молдова құрамасы мен қостанайлық «Тобылдың» шабуылшысы Игорь Бугаев жаңа келісімшартқа қол қойды.

Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлімдейді. Айта кетер жайт, Бугаев «Тобыл» сапында қатарынан үшінші жыл өнер көрсетуде. Былтырғы маусымда Игорь отыз кездесуде он үш гол соқты.