Алматылық «Қайраттың» және Қазақстан құрамасының вице-капитаны Игита UMBRO Futsal Awardsдың үздік қақпашы номинациянда үшінші мәрте топ жарды. Игита 482 ұпай жинады. Ол испаниялық Хесус Эрреро («Интер Мовистар») мен бразилиялық Гуиттуді («Спортинг» Лиссабон) озып кетті. Игита бұдан бұрын 2015 және 2016 жылдары үздік болған.