Sportska Centrala басылымының хабарлауынша, сербиялық маман Ненад Лалатовичтің «Астана» командасының бас бапкері болу мәселесі таяу күндері шешімін табуы мүмкін.

Бұрын хабарланғанындай, Лалатович «Астана» бас бапкері болуға басты үміткерлердің бірі. Клубтың жаңа басшылығы үшін бас бапкерді тағайындау басты мәселе болмақ.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 31 желтоқсаны күні еңбек келісімшартының аяқталуына байланысты «Астана» футбол клубының президенті Саян Хамитжанов клубтан кететінін хабарлаған болатынбыз. Ал клубтың жаңа басшылығы таяу күндері белгілі болады.