Канада елінде өтіп жатқан шайбалы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы ойында жеңілген.

Әйтсе де, жанкүйерлер 56 соққының 51-ін қайтарғаны үшін Қазақстан құрамасының қақпашысына қошемет көрсетті. Ойын соңында матчтың үздік ойыншысы болып қақпашы Демид Еремеев танылды. Ал трибунаға жиналған жеті мың жанкүйер қазақстандық қақпашыға орындарынан тұрып, қол соқты.