Санкт-Петербургте жедел шахмат бойынша әлем чемпионаты аяқталды.

Оның қорытындысы бойынша қазақстанық Жансая Әбдімәлік пен Динара Сәдуақасова үздік ондыққа кірді.Жансая Әбдімәлік ықтимал 12 ұпайдың 8,5 жинап, бұл нәтиже оған 6 орынды иеленуге мүмкіндік берді.

Өз кезегінде, Динара Сәдуақасованың активі 8 ұпайдан тұрды. Бұл нәтиже Динараның 10 орынға тұрақтауына ықпал етті.

Жалпы, Динара тағы бірқатар қатысушылармен бірге 8 ұпай жинаған болатын. Алайда, оның қарсыластары әлдеқайда мықты болуына байланысты, үздікке кіре алды.

Тағы бір қазақстандық шахматшы Гүлісхан Нахбаев 57 болды.